Аннотации:
Коммерциялық банктердің даму бағыты қазіргі кезеңдегі
тұрақсыздық пен тәуекелдердің жоғарлығымен сипатталатын қоршаған орта
факторларының жиынтығымен анықталады. Сондықтан банктердің алдында
тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өз қызметтерін жаңа форматқа
көшіру міндеті тұр. Мақалада негізгі трансформациялық процестер талқыланады, яғни: жаһандану, цифрландыру, жаңа банктік мәдениет. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын өзгертудің әдіснамалық негіздері зерттеледі.
Тұжырымдамадағы критерийлер мен өзгерістер клиенттерге сапалы қызмет көрсету арқылы банктің қосымша кірістер алуын қамтамасыз ету және оның
ішіндегі барлық бизнес-процестерді өзгертудің негізін құрайды.