Аннотации:
Кез-келген елдің мемлекеттік басқаруын нығайтып,
жетілдіру үшін мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылаудың
қызметі ерекше екені белгілі. Себебі мемлекеттік басқарудың дұрыс жұмыс
істеуін қадағалау үшін орасан зор үлес қосуда мемлекеттік аудит пен
мемлекеттік қаржылық бақылаудың атқаратын рөлі өте зор. Бұл мақалада
мемлекетті басқарудағы қаржылық бақылуының жоғарғы органдарының
орындайтын қызметтері, олардың коғамдағы маңыздылығы туралы айтылған.
Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті мен
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Тексеру
комиссияларының міндеттері мен мақсаттары, ең бастысы олардың мемлекеттік
басқаруды атқаратын рөльдері туралы зерттелінген. Сонымен қатар, олардың
атқарған қызметтеріне талдама жұмыстары жүргізілген. Болашақта ел
экономикасының айтарлықтай дамуы үшін қаржылық бақылау органдарының
жасалынып жатқан жұмыстарына бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар
әзірленген.