Аннотации:
Берілген мақалада қазіргі таңда нәтижеге негізделген тиімділік
аудитін жүргізу мәні мен ерекшеліктері, мемлекеттік аудит қызметін жүзеге
асыру кезінде нәтижені бағалау жолдары мен тәсілдерін қолданудың
халықаралық тәжірибесі, халықаралық деңгейдегі нәтижеге негізделген
мемлекеттік тиімділік аудитің жүзеге асыру тәжірибесі және оны Қазақстан
Республикасында тиімділік аудитің ісін жүзеге асыру кезінде қолдану мәселесі
қарастырылған. Мақалада Халықаралық Жоғары Аудит органдарының(ЖАО)
аудитті жүргізу тәжірибесі егжей-тегжейлі зерделенген және халықаралық ЖАО-ның аудит ісін жүргізу ісіндегі нәтижелік аспектісі бағаланған. Нәтижеге
және тиімділікке бағдарланған аудит ісін жүргізудің дамыған мемлекеттердегі
неғұрлым көрнекті тәжірибелерімен танысу арқылы Қазақстан
Республикасындағы тиімділік аудит ісін жүргізудің басты мәселелері мен
ерекшеліктері анықталып, халықаралық тәжірибеде қалыптасқан, нәтижеге
негізделген аудитті жүргізу тәжірибесі, отандық тәжірибемен салыстырылған.