Аннотации:
Әр елдің мемлекеттік экономикасының дамуында, сонымен
қатар мемлекеттік басқаруының жетілуінде мемлекеттік аудит пен қаржылық
бақылаудың алар орны өте ерекше. Қазіргі таңда әлемде қалыптасып отырған
дағдарыс жағдайда, пандемия әсерінен мемлекетке түсетін түсімдердің
қысқаруына байланысты қоғамда мемлекеттік аудиттің рөлі арта түсуде.
Мемлекет бюджетінен бөлінген әрбір тиынның тиімді әрі орынды жұмсалу аса
маңызды, яғни мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділігі жоғарғы
дәрежеде ұйымдастырылуы қажет. Бюджет қаражатының қаржылық есептігін
жасауда, ақша қаражатының тиімділігін бағалауда мемлекеттік аудиттің бір
типі – қаржылық есептілік аудитінің рөлі жоғары.
Бұл мақалада біз қаржылық есептілік аудитіне теориялық жағынан
тоқтала отырып, мемлекеттік аудиттің жоғарғы органдарының қызметінің
соңғы жылдардағы нәтижелеріне талдау жасай отырып қаржылық есептілік
аудитінің маңызын ашып көрсеттік. Мақалада Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті және Тексеру комиссияларының
соңғы 2-3 жылдағы нақты мәліметтері алынған.