Аннотации:
Мақалада Қазақстан Республикасында Мемлекеттік
Аудиттің қалыптасуы, жалпы мемлекеттік аудитке анықтама беріледі және де
соңғы жылдары қандай өгерістер болғаны туралы айтылады.Қазақстан үшін
мемлекеттік аудит қаржылық мәселелерді ғана емес, сондай-ақ анықталған
кемшіліктер мен тәуекелдерді басқару жөніндегі ұсыныстар негізінде пәрменді
ұсынымдар бере отырып, олардың қызметінің барлық бағыттарын қамтитын
аудит объектілері қызметінің тиімділігін тұтас және тәуелсіз бағалау ретінде
көрінеді.Мемлекеттік аудит-бұл ұлттық ресурстарды басқарудың тиімділігін
арттыруға бағытталған кәсіби қызмет түрі, олардың ішіндегі ең маңыздылары
мемлекеттік қаржы, меншік, табиғи байлық, зияткерлік капитал болып
табылады. Мемлекеттік аудит тек мемлекеттік құрылымдардың қаржылық
есептілігін тексеруге ғана байланысты емес: оның миссиясы және негізгі
міндеті мемлекет пен қоғам атынан билік органдарының өздеріне сеніп
тапсырылған қоғамдық ресурстарды басқару жөніндегі қызметіне тәуелсіз
объективті қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.