Аннотации:
Мемлекеттің бюджет-қаржы саясатына жаңа тәсілдерді
қалыптастыру мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуына бақылау жүргізу
құралдарын өзгертуді талап етеді. Осыған байланысты тиімділік аудитін
дамыту және практикаға енгізу мәселелері көтеріледі, сондықтан мақалада осы құралды пайдаланудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелері қаралып, оларды шешу
бағыттары айқындалды. Тиімділік аудитінің жұмыс істеуінің шетелдік
тәжірибесін зерделеу аудит объектілеріне, бақылаушы органдарға және оны
АҚШ-та, Канадада және кейбір басқа елдерде жүзеге асыру ерекшеліктеріне
салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Тиімділік аудитінің
қаржылық аудиттен және сәйкестік аудиттен айырмашылықтары бар, ол
ресурстарды пайдаланудың ұтымдылығын және шығындардың тиімділігін
бағалауға бағытталуы керек, бұл белгілі бір проблемаларды тудырады. Бұл
мақалада Қазақстандағы тиімділік аудитін іс жүзінде жүзеге асырудың үш
маңызды мәселесі көтеріліп, оларды шешу жолдары көрсетілген.