Аннотации:
Мақалада еліміздің мемлекеттік органдарының стратегиялық
құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді талдауды жүзеге
асыратын ішкі аудиторлардың құзыреттілік деңгейін арттыру мәселелері
қарастырылған. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында
мемлекеттік мекемелердегі ішкі аудитордың құзыреттілік деңгейіне назар
аудару маңыздылығы анықталды.
Құзыреттілік деңгейін арттыру құралы ретінде ішкі аудиттегі
құзыреттілік моделі келтірілген. Модель білімнің төрт саласын анықтайды ,
олардың әрқайсысы әртүрлі халықаралық стандарттарды қамтиды, нақты
функциялар, білім саласына сәйкес келетін негізгі дағдылар мен
құзыреттіліктің үш деңгейін – жалпы білімнің болуын болжайтын бастапқы
деңгей, қолданбалы білімі бар орта деңгей және жоғарғы деңгейді жеке
қарастырыды.