Аннотации:
Мақалада ішкі аудит жүйесі кадрларының теориялық және
практикалық кәсіби даярлығының жеткілікті деңгейде болмауы – ішкі
аудиттің өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылып отыр.
Қолданыстағы ішкі аудит жүйесінің бұзушылықтар мен кемшіліктердің
алдын алуға және жолын кесуге бағытталмағандығы тұтастылық және
жүйеліліктің болмауымен сипатталып, отандық ұйымдарда қолданылатын
ішкі аудит жүйесі тиімділікті, нәтижелілік пен үнемділікті арттыруды
қамтамасыз етпейдігіне назар аударылады. Ішкі аудит сатылас және деңгейлес
түрде барлығын көруі және тегіс қамтуы керек. Ішкі аудит қағидаттарының
бұзушылықтарына, аудиттің теріс нәтижесіне әкелетін мәселелердің бірденбірі ол – шектеулерге және мүдделер қақтығысына жол беру. Ішкі аудитор өз
пікірін толық білдіріп, дәлелдеу базасы шүбәсіз және даусыз болуы үшін,
тексерілген және сыналған құжаттар мен фактілерге, оқиғаларға ғана сүйенуі
керектігі баяндалады.