Аннотации:
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит саласын дамыту
жолындағы кәсібилігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі кадрмен мемлекеттік
аудит органдарын қамтамыз етудің рөлі ерекше болып табылады. Бұл мақалада
мемлекеттік аудиторлардың кәсіби біліктілігін арттырудың маңыздылығын
айшықтап, оны жетілдірудің тиімді әдістерін қарастырылады. Шетел
тәжірибесіндегі тиімді әсер берген мемлекеттік аудиторлардың біліктілігін
арттырудағы жолдарды, факторларды көрсетеді. Өзіндік тиімділікті және де
білімді үздіксіз жетілдіріп отыру аудиторлық қызметтің сапасын арттырады.
Дамыту жолындағы озық технологиялардың ерекше орны және де ұжым
арасындағы ынтымақтастық пен қарым қатынастың маңыздылығы
қарастырылады. Білім алмасу мемлекеттік аудиторлардың кәсібилігін
арттырудағы ең тиімді әдіс ретінде көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік аудиторларды сертификаттау мен қайта
даярлау маңызы айқындалды.