Аннотации:
Ауыл шаруашылығы – әлемдік экономиканың маңызды саласы.
Оның негізгі мақсаты – халықты азық-түлікпен, ал жеңіл және тамақ
өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету. Бұл табиғи жағдайларға байланысты
материалдық өндірістің жалғыз саласы. Алайда, бұл саланың әр түрлі елдер мен
аудандардың экономикасындағы рөлі әр түрлі. Ауыл шаруашылығы
географиясы өндіріс пен аграрлық қатынастардың ерекше әртүрлілігімен
ерекшеленеді. Алайда дамыған мемлекеттерде ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттік реттеу (заң актілерін шығару, олардың негізінде тиімді
мемлекеттік бағдарламалар қабылдау және т.б.) және оның тарапынан
қолдауынсыз мүмкін емес, осыған орай мемлекеттік бюджеттен бөлінетін
қаражаттарды мақсатқа сай тиімді жұмсауын анықтау тиімділік аудитінің басты
мақсаты болып табылады. Сондықтан агроөнеркәсіп кешенін дамытуға
жұмсалған бюджет қаражаттарының тиімділік аудитін ұйымдастыруды
жетілдіру мақсатында шетелдік тәжірибені зерттеу қажет.