Аннотации:
жүргізілген әдеби шолудың негізінде кобальт (ІІ) иондарын аналитикалық
анықтауда қолданылатын әдістердің ішінде жиі қолданылатыны фотометриялық әдіс және олар жоғары дәлдікпен, сезімталдықпен және қолданылатын құрылғының
қарапайымдылығымен сипатталады деген қорытындылар жасалды. Анықтаудың
елективтілігін жоғарлату үшін негізінен оттекті-, азотты-, күкіртті сұйық органикалық
еріткіштер қолданылады. Ал жеңіл балқитын органикалық экстрагенттерді қолдану улы, өрт қауіпті сұйық органикалық еріткіштерді сандық көрсеткіштері жоғары және сұйықтық экстракцияның кемшіліктерін жоятын экстрагенттерге ауыстыруға мүмкіндік береді.Бұл экстрагенттердің негізінде алынған салыстыру үлгілерінің құрамы талданатын сынамалардың құрамымен бірдей болуы стандартты үлгілерді жасай отырып, аналитикалық химияның тағы бір өзекті мәселелерін шешуге болады.