Аннотации:
Соңғы онжылдықта,яғни жаһандану кезеңінде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып, қолданудағы сапалық жəне жылдамдық өзгерістер қоғамның барлық секторларындағы заттарды елеусіз жəне елеулі қайта құруға алып келді. Сондықтан да болар бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың жаңарып, күрделеніп жылдам əрі серпінді дамуына байланысты медиа саласындағы «медиабілім» термині күнделікті өмірде жиі естіле бастады. Осындай нақты себептер –терге байланысты, қазір бұл термин ақпараттық сауаттылық, ақпараттық мəдениет, медиамəдениет жəне басқа ұғымдармен қатарлас, бір деңгейде қолданылып жүр.