Аннотации:
Мақалада қазіргі таңдағы медиаөнім жасаудағы ерекшеліктердің теориясы мен практикалық сипаты талқыланады. Ақпарат пен медиа өнімдерді жасау өте жылдам өзгеріп, оған заманауи трендтер қолданылып келе жатқаны көрсетіледі. Отандық жəне əлемдік ақпарат құралдарындағы теле бағдарламалар жасау ерекшеліктері талдамалы түрде зерттеледі. Зерттеуде отандық телеарналарды жасаудағы жаңа технолгоиялардың ролі зерделенді, яғни негізгі ресурс ретінде нақты өндірістен мысалдар алынды.