Аннотации:
Мақалада телеарналардың эфирлік кестесіне талдау жасалған, редакциялық саясаттың сақталуы, рейтингті өсіруде маңызы қаралған. Телевизиялық өндірістің ерекшелігі мен эфирлік кестенің арасындағы байланысы жіктелген. Таңертең ойынсауықтық, танымдық жобамен ұйқысын ашқан көрерменнің түсте токшоу, кешке жаңалық, ал түнде сүйікті сериалымен ұйқыға кетуі кездейсоқтық емес. Көрермен психологиясын зерттеген мамандардың еңбектері негізінде жасалған, жолға қойылған дүние. Оны телевизия саласының мамандары эфирлік кесте деп атайды.
Автор мақаласында жаңа дəуірдегі телевизияның эфирлік кестесінің құрылымы мен тақырыптық мазмұнын жүйелеп зерттеуге, қазақ телеарналарының өнімдеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауға басымдық берген.