dc.description.abstract |
Мақалада қазіргі әлемдегі және қазақстандық қоғамдағы цифрлық
коммуникацияның негізгі сипаттамалары, сондай-ақ цифрлық байланыс құралдары
арқылы берілетін хабарламаның жаңаша түрленуі мен берілу формалары
қарастырылады.
Цифрлық медиа ғасыры кез-келген онлайн сөйлесуді немесе медиаөнімді экранды
бір рет түрту арқылы қолжетімді етеді, алайда оның салдары қандай болатыны
туралы ойланбастан, бөлісуге мүмкіндік береді. Осы орайда мақалада заманауи
техникалық құралдар арқылы ақпарат алмасуды қарқындату мен өзгертудің негізгі
артықшылықтары мен зияндылығы атап өтіледі.
Интернеттегі медиаөнімдердің саны өсіп жатқандықтан, жеккөрушілікке толы
сөздердің таралуы да артып келеді. Біз бұл мақалада әлеуметтік медиадағы
өшпенділік сөздерге толы медиаөнімдерді анықтаудың түрлі тәсілдерін анықтаймыз
және зерттейміз. Бұл бағытта кездесетін қиындықтар мен шектеулер де сөз болады.
Біз сондай-ақ осы мәселені реттеудің заңдық және практикалық тұстарын да
талқылаймыз. |
ru |