Репозиторий Dspace

Бекасыл әулиенің көсемсөзіндегі рухани құндылықтар

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Сахов, А.С.
dc.contributor.author Батырбекқызы, Г.
dc.date.accessioned 2023-11-14T06:27:06Z
dc.date.available 2023-11-14T06:27:06Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-7174
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/9264
dc.description.abstract XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқы Ислам дінінің қағидалары мен ұлт болмысының негізі салт-дәстүрді берік ұстанды. Аталған ұстанымдар қазақ халқының ұлттық болмысының көркейе түсуіне септік болды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап патша үкіметінің отаршылдық саясаты өзі үстемдік жасаған қазақ қоғамының ұстанған ұстанымдарына теріс әсерін тигізе бастады. Туындаған әділетсіздік пен саяси-әлеуметтік жағдайлар ұлт жанашырларының жаңа толқындарының бас көтеруіне себеп болды. Осындай алмағайып заманда ғұмыр кешіп, ұлттық ой-сананың өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан тұлғалардың бірі – Бекасыл Биболатұлы. Сайрам, Қарнақ, Самарқанд, Бұқара, Дамашық қалаларындағы медреселерден алған білімі негізінде азаматтық болмысы қалыптасып, ұлтына жанашырлық қыры ашылған Бекасыл Биболатұлының алдында халқына адал қызмет жасау мақсаты тұрды. Сол кезеңдердегі саяси әрекеттер негізінде туындаған түйінді мәселелерді Бекасыл әулие өзінше шешу жолдарын іздеді. Осылайша Бекасыл әулие қоғамды сауаттандыру мәселесіне аса назар аударып, медресе ашып бала оқытты. Халқының денсаулығы, көшпенді түркілердің малынан айрылып егін шаруашылығын игеру кезеңіндегі қоршаған табиғаттың келеңсіз жағдайларының егін шаруашылығына әсері мәселелері толғандырып, қордаланған білімін қолжазба түрінде мирас етіп қалдыруына себеп болды. Бекасыл әулиенің һижра жыл санауы бойынша 1323 жылы жазып аяқтаған төл еңбегі мен халық жадында сақталған естеліктерге сүйене отырып жазылған еңбектерге шолу жүргізе келе, халқының қараңғылықтың шырмауынан шығуын, білімге ұмтылуын, ізгелікке ұмтыла отырып жоғары адамгершілікке жетуді насихаттап, елдікке шақырғанын көре аламыз. ru
dc.description.sponsorship Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі Ғылым комитетінің AP19175245 «Бекасыл әулие мұрасы және жаңа Қазақстандағы дәстүрлі исламның қайта өрлеу мәселесі» гранттық қаржыландыру ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде дайындалған. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject ұлт ru
dc.subject Бекасыл ru
dc.subject көсемсөз ru
dc.subject қоғам ru
dc.subject сауаттандыру ru
dc.subject медресе ru
dc.subject болмыс ru
dc.subject саясат ru
dc.title Бекасыл әулиенің көсемсөзіндегі рухани құндылықтар ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись