Аннотации:
Бұл мақалада ішкі мемлекеттік аудит комитетінің функциялары
мен міндеттері қарастырылды. Сондай - ақ, Комитеттің негізгі міндеттемелері
ретінде -мемлекеттік аудит міндеттерінің орындалуын талдау және тексеру,
мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің
тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет
активтерінің сақталуын бағалау және тексеру аталып өтілді. Мақала негізінде
Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жетілдіру үшін Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне аудиторлық ісшараларды
жүргізу кезінде цифрлық технологияларды пайдалануды ынталандыруға,
ақпараттық базаны жетілдіруге, мемлекеттік аудит органдары қызметінің
сапасын бағалауға бағытталған өзгерістер енгізу ұсынылады.Аудит
нәтижелерінің республикалық бюджет тапшылығына әсерін бағалау үшін
экономикалық-статистикалық әдістер пайдаланылды, негізгі көрсеткіштер
бойынша кестелер мен графикалық бейнелер түрінде салыстыру үшін деректерді
құрылымдау жүргізілді.