Аннотации:
Мақалада Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы ақпараттарды
құқықтық реттеу туралы нормаларына шолу мен талдау ұсынылды. Мақалада деректердің
құпиялылығы мен қауіпсіздігіне қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып,
жұмыскерлер мен жұмыс процестері туралы ақпаратты өңдеу мен беруді реттейтін негізгі
нормалар мен ережелер қарастырылды. Сондай-ақ, осы заңнаманы қолданудың тиімділігін
бағалап, жұмыс орнындағы ақпаратты қорғау саласындағы ықтимал тәуекелдер мен құқық
бұзушылықтардан сақтандыру керектігін ескертті.