Аннотации:
Білім беру саласындағы “Электронды оқулықтарды” қолдану білім
алушылардың логикалық ойлауын дамытып қана қоймай, олардың танымдық белсенділіктерін
арттырып, шығаршалық қабілеттерінің дамуына әсер ететіндігі дәлелденуде. Көбінесе,
электронды оқулықтар немесе сандық оқулықтар деп аталатын электронды оқулықтар
дәстүрлі баспа оқулықтарымен салыстырғанда білім алушыларға тиімді. Бұл мақалада физикадан білім алушыларының оқу тәжірибесін арттырудағы электронды оқулықтардың тиімділігі жан-жақты қарастырылып және әртүрлі электронды оқулықтарға мысалдар келтірілген, сонымен қатар, таңдалынып алынған электронды оқулық мазмұнына шолу жасалынған.