Аннотации:
Мақалада бастауыш мектеп оқушыларының қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру бойынша отандық және Англияның білім беру тәжірибелері
қарастырылды. Математикалық сауаттылықты дамыту білім берудің барлық
деңгейлерінде қазіргі заманғы оқыту процесінің маңызды аспектісі болып табылады. Ол
көптеген елдердің білім беру саласының негізгі құжаттарымен танысу арқылы анықталуы
мүмкін. Қазіргі уақытта, бастауыш мектеп үшін қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру Қазақстанды қоса алғанда, көптеген шетел оқу
бағдарламаларында көрсетілген. Оқу бағдарламалары щеңберінде математикалық
дағдыларды дамытумен қатар, балаларда санау дағдыларын қалыптастыру, кеңістік және
алгебралық ойлауды дамыту бойынша әртүрлі тәсілдерді кеңінен пайдаланылуда.