Аннотации:
Мақалада педагогтардың білім беру ортасында және өзара әрекеттестікте психологиялық
қауіпсіздік пен жайлылықты құру және қолдау көрсетуіне байланысты қазіргі заманғы білім беруді дамыту
мәселелері қарастырылады. «Білім беру ортасы» ұғымының мәнін анықтаудың ғылыми тәсілдері, білім беру
ортасының құрылымы, ерекшелігі мен түрлеріне талдау жасалады.
Білім беру ортасының құрылымын анықтауда автор отандық және шетелдік авторлардың ғылыми
зерттеулері мен жарияланымдарына сүйенеді.
Автор қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру тек теориялық білімді меңгеру нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар оны ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру нәтижесінде мүмкін болатынын атап өтеді. Және жаңаша көзқарас, идеалдар мен құндылықтар жүйесін, адамдардың қауіпсіз мінез-құлық нормалары мен дәстүрлерін, жалпы өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына назар аударылады.