Аннотации:
Геоақпараттық жүйе ғылыми, техникалық және өндірістік жағынан жылдам әрі қарқынды дамып келе жатқан жүйеге жатады. Соның ішінде геоақпараттық
жүйелер білім беру саласында өте қарқынды дамуда. Геоақпараттық жүйенің дамуы
оқу процесін ұйымдастыру үшін компьютерлік технологияларды қолдануды негіздейді.
Геоақпараттық жүйелерді жаратылыстану ғылымдары саласын дамытудың бір көзі ол
білікті кәсіби мамандарды дайындап шығару. ГАЖ технологиясы қол жетімді және
білім беру деңгейін арттыру процесіне қосымша үлес беретін жүйе. ГАЖ білім беру идеологиясы бір жағынан оқылатын курстардың мазмұнын теориялық мазмұнын толық
қамтамасыз ететін, екінші жағынан оқу процесін ұйымдастыру үшін компьютерлік
технологияларды қолдануға негізделген.
Бұл мақалада геоақпараттық шет елдер мен Республикамыздың жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары саласында геоақпараттық жүйелерді оқыту
жағдайларына, теориялық талдаулар жасалып, Қазақстан республикасы жоғары оқу
орындарында жаратылыстану ғылымдары мамандарында цифрлық технологияларды
оқытуда геоақпараттық жүйелер негіздерін оқыту қажеттілігі негізделіп және оқытудың ерекшеліктері қарастырылды.