Аннотации:
Мақалада географияны оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындайтын когнитивті оқыту теориясының негізгі ережелері, білім алушылардың арнайы пәндік және пәнаралық құзіреттіліктерін қалыптастырудағы маңызы ашылған.
Когнитивті оқытудың болашақ география пәні мұғалімінің ойлау дағдыларын қалыптастырудағы алатын орны, теориялық түсініктерді меңгертудегі маңызы, географиялық,
әдіснамалық, құндылықтық-мағыналық құрамдас бөліктері қарастырылған.
Тақырыптың мазмұнын ашу үшін географияны оқытуда когнитивті бағдарды қолдану
мәселелері бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерге талдау жасалған.