Аннотации:
Криптография – бұл ақпаратты қорғауға, шифрлауға және дешифрлауға арналған кеңінен қолданылатын қорғаныс түрлерінің бірі болып табылады. Криптографиялық алгоритмдер желіде қолданылған кезде криптографиялық хаттама аясында жүзеге асырылады. Криптографиялық хаттама-бұл қауіпсіздік тапсырмасын орындау үшін қолданылатын екі тарап арасында орындалатын процедура. Әдетте криптографиялық хаттамадар бір немесе бірнеше криптографиялық примитивтерді және/немесе схемаларын қолданады. Бұл мақалада қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін жеке криптографиялық хаттама құрудың пайдасы мен зияны жайлы баяндалған.