Аннотации:
Мақалада ұлттық тестілеу стандарттарын әзірлеудің өзектілігі және Қазақстан мектеп тәжірибесінде психологтардың тесттерді қолданудың ерекшеліктері
сипатталған. Интеллектіні зерттеуге арналған Равен прогрессивті матрицасын қазақ
тілінде бейімдеу және стандарттауға арналған зерттеу жұмыстарының нәтижесі қарастырылды. Қарастырылап отырған тесттің қысқаша сипаттамасы берілген. Зерттеуге қазақстандық 531 адам қатысты. Зерттеу нәтижесі бойынша бейімдеу және
стандарттау процедураларына байланысты, тесттің сенімділігін анықтайтын шаралар жасалды. Зерттеу барысында әрбір 12-18 жас аралығындағы зерттелушілерге арналған ұлттық тест нормалары анықталды. Тесттің сенімділік деңгейі жоғары (Кронбах альфа коэффициенті 0, 771). Аталған тест психометриялық талаптарға сәйкес,
қазақстандық популяцияда қолдануға жарамды.