Аннотации:
Ғылыми мақалада бюджет құрылысының тарихи-құқықтық аспектілері және
бюджетттік процестің қалыптасу ерекшеліктері қарастырылған. Мақалада бюджеттік құралдардың
қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесі, бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаттары,
бюджеттендіру қағидалары қарастырылған. Зерттелген тақырыптын өзектілігі мен маңыздылығы
бүгінгі таңдағы өзгерістерімен тікелей байланысты және оның ғылыми-тәжірибелік маңызы
айқын. Мемлекеттік бюджеттің даму кезеңдері және бюджеттік жоспарлаудың негізгі қағидалалары
зерттелген. Қазақстан Республикасының бюджет процесі аясындағы ұлттық заңнамасына талдау
жүргізілді. Бюджет үрдісінде, бюджеттендірудің қағидаларына сәйкес, нәтижеге бағытталған
бюджеттік бағдарламаларды жетілдіру қажет. Бюджеттің біртұтас жіктелуі бюджет жазбасын
құрастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік шығындар мен республикалық және жергілікті
деңгейдегі маңызы бар бюджеттік бағдарламаларды жыл сайын бағалау методологиясын жүзеге
асыруы бюджет ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.