Аннотации:
Қазақ тілін латын жазуына көшіру қоғамда қолдаумен қатар қызу талқылау, әрқилы көзқарас, алуан пікірталастар тудырды. Жұмыс тобы, мамандар бақылау-пысықтау, талдау мен
талқылаулар жасады. Кемшіліктер де байқалды. Негізсіз әріп, кірме дыбыстар мен ноқаттар көбейді. Артық таңба, апостроф, диграф төңірегінде де пікірталастар өріс алды. Оқып-жазу, үйрену
мен үйрету, танып-түсіну қиындық туғызды. Осының негізінде жұмыс тобы, біліми-ғылыми сала
өкілдері, ІТ мамандары мен сарапшылар жұмыла еңбек етті. Нәтижесінде, ҚР Призентінің «Қазақ
тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына (26. 10. 2017) өзгеріс
енгізіліп, жаңа редакциясы қалың көпшілікке ұсынылды ( 19. 2. 2017).
Алайда, Әліпби мәселесі, «бір таңба-бір дыбыс» жүйесі оп-оңай жүзеге аса салмайды. Жазу-сызуға, оқып-үйрену мен үйрету ісіне кедергі келтіріп, қиындық туғызатын тұстар соңғы нұсқаға қатысты Жарлық пен өзгерістен де көрініс берді (19. 2. 2018). Әлемдік тәжірибе мен тіл заңдылығын ескеру қажеттілігі айқын аңғарылды.