Аннотации:
Мақалада адамның ішкі жай-күйі мен эмоциясын танытатын сөздер гендерлік
аспектіде қарастырылды. Зерттеу барысында ағылшын және қазақ тіліндегі материалдарға талдау
жүргізілді. Ерлер мен әйелдердің тілдік қолданысындағы эмоцияны көрсететін сөздердің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері анықталды. Сондай-ақ, талдау кезінде ағылшын және қазақ тілінде
келтірілген мысалдар негізінде эмоцияны білдіретін сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрсетілді.
Автор гендерлік лингвистиканы жан-жақты зерттеген О.В. Добрунова, А.В. Вандышева, А.В.
Кирилина сынды ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып эмоцияны білдірудің гендерлік жіктеліміне талдау жасаған. Сондай-ақ, гендерлік аспектіде эмоцияға қатысты теориялық мәселелерді сипаттай отырып, практика жүзінде дәлелдеп көрсетті. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі эмоцияны
білдіретін тілдік бірліктердің табиғатына тоқталып, мақала төңірегінде дәлелдемелер мен нақты
мысалдар келтіріп өткен. Адамдардың гендерлік жіктелім бойынша эмоцияны танытуда тілдік қолданыстың әртүрлі болатындығы ғылыми негізде дәлелдеген.