Аннотации:
Мақалада ежелгі сақ дәуіріндегі қаһармандық аңыздаулардағы Томирис патшайымның ерлігі жайлы, ұлы даламызды мекен еткен сақтардың ерлігі туралы тарихи жазбаларға
тұжырым жасалады. Гректің ұлы ойшылы Геродоттың «Тарих» еңбегіндегі сақтардың салты мен
дәстүріне, дүниетанымына, елі үшін жасаған ерен ерліктеріне сүйене отырып, ұлы даламызды жаудан қорғай білген қолбасшылардың ерліктері сөз етіледі. Аңыздың негізгі өзегі – ел есінде мәңгі сақталған Томирис патшайымның ерлігі арқылы түсіндірілгені талданады. Томирис патшайым
аңыз кейіпкері ғана емес, ол тарихи шындық негізінде құрылған оқиғалардың бас қаһарманы.Тарихи аңыз түріндегі бұл шығармада өмірде болған қолбасшылар жайлы нақты деректер келтіріледі.
Біздің дәуірімізге дейінгі 530-529 жылдарда болған бұл шайқас әдеттегі соғыс емес, Ұлы даланы
мекен еткен массагет-сақтардың парсы патшасы Кир бастаған қалың әскерден өз Отанын қорғап қалған тарих шындығы. Осы жағдайлар аңызда нақты көрсетіліп, соғыстың қалай басталып, қалай өрбігені, қалай өз мәресіне жеткендігі толық айтылады.Олай болса, бұл аңыз ақиқатқа негізделген тарихи шындық екені түсіндіріліп, тұжырымдалады.