Аннотации:
Мақалада поэзия жанры соның ішінде қазіргі қазақ поэзиясының бағыт-бағдарлары мен көркемдік ерекшеліктері талқыланып, соған сәйкес тұжырымдар жасалынды. Қазақ поэзиясының алтын жауһары саналатын ақын Ғалым Жайлыбай поэзиясының тілдік, көркемдік ерекшеліктеріне сүйене отырып, ақынның дүниетанымы мен көзқарасы жайлы сөз етіледі. Поэзияның
басты өзегі – халық тұрмысымен қатар өмір сүретін ақын жүрегінің басты ерлігі түсіндіріле отырып, талданады.
Ақын Ғалым Жайлыбай өз поэзиясының басым бөлігін тұрмыстық және тарихи жырларға
арнаған. Сондықтан да ондағы жыр шумақтары тікелей нақтылық пен реттілікке құралған. Қазақ
поэзиясына әкелген жаңашыл ізденістері мен тың көзқарастары оқырман жүрегіне жаңаша серпін сыйлағаны сөзсіз. Олай болса, ақынның аңыз бен ақиқатқа негізделген поэзиялық туындылары
жан-жақты түсіндіріліп, тұжырымдалады.