Аннотации:
Мақалада көне түркі жазба ескерткіштерінің жанрлық сипаты, ерекшеліктері қарастырылады. Көне түркі әдеби ескерткіштерінің жанрын айқындау – тек олардың көркемдік қуатын, поэтикалық құнарын саралау ғана емес, аталмыш туындылардың тарихи, стратегиялық маңызын, негізгі идеялық мұратын, миссиясын бағалау болып табылады. Аталмыш мәселе бойынша
соңғы бір ғасырдан астам уақытта көптеген тарихшылар мен әдебиеттанушылар, тілші-ғалымдар
ғылыми пікірлер білдірген. Еңбекте көне жәдігерлердің жанрына байланысты біршама ғалымдардың әр кезеңдегі зерттеулері, тұжырымдары мен қорытындылары талданады. Жазба ескерткіштерді
поэзиялық және прозалық туынды деп таныған ғалымдардың негізгі ғылыми дәлелдері және мәтін
негізіндегі талдаулары беріліп, салыстырылады. Сонымен қатар, көне түркі әдеби жәдігерлерін
зерттеуші Құлмат Өмірәлиевтің аталмыш мәселеге байланысты зерттеу еңбектерінің ерекшеліктері, негізгі тұжырымдары мен қорытындылары сараланып, ғылыми маңыздылығы көрсетіледі.