Аннотации:
Мақалада Абай шығармаларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының
рухани-мәдени өміріне әсері қарастырылады. Абай өлеңдерінің көрнекті ғалым,
ағартушы, ақын, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының рухани көсемі А.
Байтұрсынұлының шығармашылығына тақырыптық-идеялық, көркемдікэстетикалық әсері талданады. Ғалымның «Әдебиет танытқыш» атты зерттеуінде
Абай өлеңдерінің қолданылу сипаты талданып, оларды берудегі автор ұстанымы
айқындалады. Ақынның өлеңдерінен алынған мысалдардың саны, көлемі, мазмұны,
идеясы анықталады. Зерттеуде Абай туралы танымдық ақпаратты ұсыну себептері
көрсетіліп, қара сөздердің мысалдар келтірілген. Абайдың тұлғасы мен ой-пікірінің
Алаш ұлт-азаттық қозғалысының өзегіне айналуының себептері негізделген. Абайдың
даналық қағидалары ХХ ғасыр басында қазақ халқының мәдени өмірінде айрықша
сипатқа ие болғаны, ойшылдың терең философиялық, гуманистік, елді бірлікке
шақырған әлеуметтік көзқарасы Алаш қозғалысының рухани негіздемесіне айналғаны тұжырымдалған.