Аннотации:
Мақалада түркі жұртының рухани атасына айналған Қожа Ахмет Ясауидің
өміртарихы мен асыл мұрасы – «Диуани Хикмет» («Даналық сөздер» - «Хикметтер»)
кітабының табиғаты мен тағылымы, ондағы Алланың ақиқат жолы, адамдық мұрат
пен адамгершілік қағидаттары, қоғам мен заман шындығы, дүние дидары, дін-діл мәні,
ар-иман иірімі, ақыл-парасат өлшемі, исламдық тәрбие, софылық идея, ел-жер қадірі,
дәстүр мен дүниетаным арналары, жауапкершілік жүгі, жастық-достық сипаты,
кісілік пен кішілік, сыйластық сырлары, тәлімдік сипаттар кең түрде сөз етіледі.
Қ.А. Ясауидің данышпандық дидары, ғұламалық ғибраты, кемеңгерлік келбеті –
«Хикметтер» кітабындағы Отан мен отбасы құндылықтарымен байланыстырылып,
Жаратушыны тану мен құрмет тұту, Аллаға сиынып, оның қасиет-құдіретін білу,
адамшылық жолға адалдық таныту ісі төңірегінде жан-жақты қозғалады. Қ.А.Ясауи
әлемінен анық аңғарылатыны, адамдық мұрат пен игілікті істі ардақтайды. Адамгершілік, әділеттілік, жасампаздық, жауапкершілік, мейірімділік, ізгілік, сыйластық сырына еркін еніп, қоғамдық-әлеуметтік мәні, тарихи-мәдени арналары мен көркемдік-рухани сипаты кең түрде ашылады. Аллаға сыйынып, оның қасиеті мен құдіретіне мән
береді. Ислам әлемі мен адами мұраттарға ден қойылады.
Қ.А. Ясауи «Хикметтер» арқылы жалпыадамдық мәселелерді қозғап, Ислам жолын
уағыздап, Алла ісіне адалдық танытады. Ақиқат пен Тарихат жолын, софылық идея
мен шариғат шарттарын қатаң сақтайды. Елдік мүдде, ұлттық мұрат, руханият
мәні мен тұғыры, сабақтастығы сақталады.