Аннотации:
Мақалада бүгінгі мектеп оқушылары арасында жиі кездесетін буллинг
және кибербуллинг мәселесінің Түркістан облысы бойынша орын алу жағдайы туралы
баяндалады. Онда алдымен «Буллинг» және «Кибербуллинг» түсініктері туралы
сипатталып, оның себептері мен салдарлары туралы теориялық деректер келтіріледі.
Ғылыми ақпараттар қаншалықты көпшілік арасында таныс екендігі мен мектеп
оқушылары тарапынан қолданылуын айқындау үшін және Түркістан облысындағы
жасөспірімдер арасында бұл мәселенің орын алу жағдайын білу мақсатында арнайы
құрастырылған сауалнамалар аудандардағы мектептерге таратылып, нәтижелері
өңделді. Зерттеу барысында теориялық талдау, бақылау, сауалнамалар жүргізу
әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері диаграммалар арқылы көрсетіліп,
оңтүстік өңіріндегі жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллингтің жағдайы
айқындалды және оның алдын алуға ата-аналар мен мектеп педагогтары үшін
нақтылы ұсыныстар берілді.