Abstract:
Бұл жұмыста «Қазақстан темір жолы» АҚ қаржылық есептілігінің аудитінің құрылымы мен құрамының өзгерісі және олардың белгілі бір уақыт аралығындағы ауытқуларының себептері қарастырылған. Сонымен қатар қаржылық есептіліктің тұрғысынан проблемалық мәселелерді айқындай отырып, талдау жасау арқылы қорытындылар көрсетілді. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының қысқа және ұзақ мерзімді кезеңде орын алған сыртқы немесе ішкі факторлары анықталып, себептері анықталды.