Abstract:
Мақаланың мақсаты Франциядағы Есеп палатасы жүзеге
асыратын мемлекеттік аудиттің ерекшеліктерін қарастыру болып табылады. Дәл
осы палатаға аудиттік юрисдикция берілген. Аудиторлық процедуралардың
ерекшелігіне назар аударылады. Осы фактіге байланысты мақала Францияда
аудиттің қалай жүргізілетінінің кейбір ерекшеліктерін ашады және тұтастай
алғанда аудит саласындағы білімнің кеңеюіне ықпал етеді. Осы жұмыс
Францияның озық тәжірибесі Қазақстандағы мемлекеттік аудит саласының
дамуына зор ықпал ете алатынын ашады.