Аннотации:
Қазақстанның қазіргі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында
жинақталған құнды деректерге тоқталудың маңызы зор. Орта ғасырларда
Еуразия кеңістігінде Дешті-Қыпшақтар мемлекетін құрып, әлемдік өркениет пен
мәдениетке үлес қосқан қыпшақтардың мол мұрасы әр кезеңде әр түрлі
әліпбимен жазылғаны белгілі. Қыпшақ тілінде армян графикасымен жазылған
мұра дін, әдебиет, тарих, құқық, философия, жаратылыстану ғылымдарына
негізделген және өмірдің саяси, экономикалық, тарихи-мәдени салаларын
қамтиды.
Сан категориясы мәселесі түркі тілдерінің теориялық грамматикасындағы
өзекті және даулы мәселелер санатына жатады, бұл мәселеге қатысты көптеген
ондаған жылдар бойы жинақталған еңбектердің молдығы дәлел. Бұл
грамматикалық категорияны зерттеу түркі тілдерінің зерттелу тарихымен тығыз
байланысты және ежелгі дәстүрге ие. Мақалада түркі прототілінің деңгейіндегі
сан есім категориясының аффикстері, сондай-ақ орта ғасыр ескерткіштеріндегі,
армян-қыпшақ ескерткіштеріндегі аффикстер қарастырылады.