Аннотации:
Мақалада түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының
ХІХ-ХХ ғасырлар шегінде кирилл графикасына көшуі сөз болады. Аталған
кезеңдегі кирилл графикасымен жазылған қазақ жазба мұралары бүгінгі күнге
дейін жеткілікті зерттелмеген, сол себепті кирилл графикасымен жазылған түркі
жазба мұраларының тілін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Кирилл әліпбиімен жазылған еңбектер ішінде екітілді сөздіктер ерекше
орын алады. Мақала осындай сөздіктердің бірі – 1897 жылы Орынборда жарық
көрген «Киргизско-русскій словарь» мұрасына арналған.