Аннотации:
Мақалада қырық бір, ит көйлек, төр, кіндік, Анка-anka, мойын,
мүйіз, таспа сөздерімен келетін фразеологизмдердің мағынасы қарастырылады.
Фразеологизмдердің қалыптасуына мотив болған этномәдени деректердің
мазмұны ашылады. Қазақ және түрік фразеологизмдерінен мысалдар келтіріле
отырып, қырық бір санының, төр, кіндік ұғымдарының сакралды мәні
интерпретацияланады. «Ит көйлек» ұғымы, түрік тіліндегі мифологиялық бейне
– Anka мифологиялық сюжеттермен байланыстырылады. Фразеологизмдердегі
мойын, мүйіздің күштің, құдіреттің символы екені тұжырымдалады. Қазақ
тіліндегі жонынан таспа тілу фразеологизмінің шығу төркіні ежелгі салтпен
байлынысты екендігі түйінделеді.