Abstract:
Қайсыбір талант иесі, мейлі ол ақын болсын, яки жазушы болсын ата
дәстүрінен нәр алып, қалам ұстайды. Егер бөлек арна салып, халықтың тарапынан оң баға
алып жатса, ол – оның даралығы. Бұл мақалада Абай мен Шәкәрімнің көркемдік және
эстетикалық үндестігі мен даралық ерекшелігі қарастырылып отыр. Көркемдік дәстүр
мәселесі екі классик суреткер шығармалары контекстінде қарастырылуы – ұлттыққ сөз
өнеріміздің көркемдік қуатын тануда тың бағыт болып танылады.