Аннотации:
Мақалада Ахмет Байтұрсынұлы, Р.Әмірдің ХХ ғасырдың алғашқы
ширегінде айтқан әдістемелік ой пікірлерінің ХХI ғасырдағы жаңартылған білім мазмұны
бойынша білім беруде өзінің өзектілігімен құнды екені сараланды. Ғалымдардың ойпікірлерінің ұлттық руханиятпен тығыз байланыстылығымен алға шыққаны, өміршеңдігі
мәселелері жан-жақты зерделенді. Бүгінгі заман талабына сай кең қолданыс тапқан жаңа
оқыту технологияларының негізі ХХ ғасыр басындағы А.Байтұрсынұлының еңбектерінен
бастау алатыны талданды. Ғалымның ғылыми еңбектеріндегі әдістеме заңдылықтары мен
ұстанымдары ашылды.