Abstract:
Автоматтандырылған ақылды жылыжай – бұл қазіргі заман технологиясы
шеңберінде жылыжайды көп күшсіз тиімді қашықтықтан басқару, уақытты үнемдеу, көп өнім алу,
сонымен қатар, жылыжайды толыққанды бақылау мүмкіндіктерін беретін программалықаппараттық кешен. Мақалада ақылды көп функционалды ақылды жылыжайдың программалықаппараттық кешені моделін әзірлеу барысында қолданылатын техникалық, программалық,
теориялық және әдістемелік құралдардың сипаттамасы берілген. Сонымен қатар құрылатын
жылыжай моделінің басқару жүйесінің жұмыс алгоритмі мен оны Arduino IDE ортасында жүзеге
асырылуы қарастырылған.