Abstract:
Цифрландыру, қоғамның стратификациясы, когнитивті технологиялардың
қолданылуы, әртүрлі салалардағы құзыреттілік тәсілінің қарқынды дамуы, сондай - ақ жаһандық
деңгейдегі әлеуметтік және инновациялық процестер - бұлар қазіргі тенденциялар. Бұл
тенденциялар жаңа ақпараттық жүйелердің "мінез-құлық" тұжырымдамасына негізделген
қоғамды өзгертудің қозғаушы күші болып саналады. Экономиканы цифрландыру және
жинақталған білімді белсенді пайдалану мақсатында заманауи тенденцияларға сай басқару -
жаһандық қоғамның дамуын жеделдетуін анықтайтын негізгі фактор. Бұл мақалада талқыланған
мәселе жаһандық тенденциялар негізінде жобаларды басқару технологияларына қажетті интуиция
және инновациялық қабілеттердің қолданылу қажеттілігімен байланысты.