Abstract:
Ақпарат дамып, күннен-күнге жаңа технологиялар қолданылып жатыр. Бізді
қоршаған орта ақпаратпен тығыз байланысты. Кез-келген мәліметті интернеттен қарап тауып
жатамыз. Үлкен алпауыт компаниялар да адамдардың жұмыс күшінің орнына түрлі
технологияларды ойлап тауып, қолданысқа енгізуде. Соның бірі, ақылды көлік жүйесі.
Адамдардың қажеттілігіне орай қазіргі кезде көлік транспорты күннен-күнге жақсарып келе
жатыр. Қоғамдық көлік аялдамалары, жеке тұрақтар, жаяу жүргіншілер өткелдері және
бағдаршамдар секілді бірқатар мәселелер ақылды көлік жүйесімен байланысты болуда. Мысалы,
әртүрлі сандық көздерден үздіксіз келетін гетерогенді ақпараттың массивін gps сенсорлары,
камералар, пайдаланушылардың мобильді қосымшаларда іске асып жатады.
"Ақылды көлік" жүйесінің аналитикалық рөлі, жол қозғалысын ұйымдастырудағы
өзгерістерді бақылаудан тұрады. Демек, бағдаршамдар реттеледі, көшелердің кеңейтілуі, бір
жақты қозғалысты ұйымдастыру туралы шешімдер қабылданады, жаяу жүргіншілер аймақтары
реттеледі. Көлік аналитикасының өнімі ақпараттық қолдау іске асырылады. бұл тек электрондық
таблолар ғана емес,өз елімізде қолданысқа ие Яндекс , индрайвер секілді барлық қызметтер мен
қолданушы қосымшалары және карталар, навигаторлар. Мысалы, көліктің бақылау тақтасындағы
дисплей қардың салдарынан жұмысқа әдеттегі жолмен жету қиын болатындығы туралы ескертеді
және маршрутты қайта құруды ұсынады. "Ақылды көлікке" арналған аналитикалық жүйелер
туралы айтатын болсақ, нарық мамандары бірінші кезекте 1970 ж Артур Симстің жұмысы
негізінде жасалған австралиялық Сиднейдегі scats (Sydney Coordinated Adaptive Traffic System)
жол қозғалысын басқарудың адаптивті жүйесін еске түсіреді. Қазір SCAT әлемнің 27 еліндегі 37
мың қиылысқа қызмет көрсетеді. Ақылды көлік тек жүргізушісіз көлік қана емес, сонымен қатар
көптеген салалар мен компанияларды қамтитын бүкіл экожүйе десек те болады.