Abstract:
Қазіргі таңда мобильді қосымшалардың қауіпсіздігі өте маңызды болып
табылады. Мобильді құрылғылардағы қосымшалардың қауіпсіздігі пайдаланушы деректерін
әртүрлі шабуылдардан, хакерлерден, зиянды программалардан және т.б. манипуляциялардан
немесе ұрланудан қорғау процесі. Осы зерттеу жұмысы барысында мобильді қосымшаларды
қорғауда қолданылатын тиімді әдістер мен ақпаратты шифрлау алгоритмдері қарастырылды
және қазіргі таңдағы танымал алгоритмдерге шолу жасалды.