Abstract:
Бұл зерттеуде Қазақстан Республикасының Қысқа Мерзімді Экономикалық
Индикаторының болашақ мәндерін болжау үшін уақыт қатарларын модельдеу бір тәсілі
Бокс-Дженкинстің ARIMA моделі пайдаланылды. ҚР Ұлттық Статистика Бюросының
сайтынан 2009 жылғы қаңтар мен 2021 жылғы шілде аралығындағы деректер алынды.
ARIMA моделі Python бағдарламасының көмегімен әзірленді. Уақыт қатарларын талдау
оқиғаларға және олардың уақыт бойынша өзгеруіне түсініктеме береді. Модельді тексеру
үшін 2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың шілдесіне дейінгі деректер пайдаланылды.
Әрі қарай болжау үшін деректер мезгіл-мезгіл жаңартылып отыруы керек.