Abstract:
Бұл мақала жоғары білікті дизайнер студенттерді
дамытуға арналған. Дизайнер студенттердің білім беру
практикасында қолдану үшін ұсынылатын технологиялардың
инновациялық әдістері зерделенеді. Барлық әдістер болашақ
кәсіпқойларға, олардың қызметіне, мүдделері мен ынтасына
бағытталған. Инновациялық технологияларды енгізу
құзыретті-бағдарланған білім берумен және жобалармен
байланысты. Болашақ дизайнерлерді практикалық қызметке
дайындайтын білім беру процесіне ерекше назар аударған жөн,
бірақ теориялық база оқыту процесінде де маңызды. Өзекті
инновациялардың мысалы ретінде дизайн-жобалауда және
оқытудың құзыретті компоненттерін әзірлеуде
студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту мүмкіндігін
ашатын ойын әдістерінің идеясы келтіріледі. Педагогикалық
процесте психологиялық компоненттің маңыздылығы
анықталды.