Abstract:
Азық-түлікті тарату жүйесі соңғы кездері әлеуметтік маңызы жоғары,
біртін-біртін келе инновациялық шешімдерді қажет ететін үдеріс. Жыл сайын әлемдегі барлық
азық-түліктің шамамен үштен бірі азық-түлік жеткізу тізбегінің барлық кезеңдерінде
жоғалады немесе ысырап болады. Әлемдегі кей мемлекеттердің аштықты бастан кешу
уақытында азық-түлікті дұрыс тарату маңызды болып саналады. Мақалада азық-түлікті тарату
жүйесін оңтайландыруға септігін тигізіп жүрген жаңа қосымша технологиялар және
инновациялық шешімдер жайлы, олардың тиімділігі мен жұмыс жасау идеясын толық
таныстырып, талданылады.