Аннотации:
Мақалада Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамытудың қозғаушы
күші болып табылатын жаңа технологиялар мен баламалы энергияларды интеграциялау
мәселелері қарастырылады. Сол арқылы ауыл шаруашылығының заманауи деңгейде
қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар ретінде энергияны үнемдеу басты назарға
алынады. Осы бағыттағы қалыптасқан біршама шетелдік тәжірибелерге талдау жасалады
және жекеленген ауыл шаруашылығындағы пайдаланып жүрген тәжірибелердің бірқатар
мысалдары қарастырылады. Ұсынылған мысалдар негізінде ауыл шаруашылығы дамуының
бағыты мен концепциясы сипатталып, инновациялық технологияларға негізделген
ғимараттар мен құрылыстарды жобалау идеясы тұрғысында бірқатар ойлар айтылады.