Abstract:
Мақалада, m кiрiстерi және n шығыстары бар жүйелер үшiн апаттық
теориясынан гиперболикалық омбилика апатының сыныбындағы бейсызықты объектiлердiң
детерминделген бейберекетсiз режимдерiмен басқару жүйесiн құру әдiсi ұсынылған.
Бұл жерде, робасты орнықтылықтың потенциалын жоғарлату, «бiртүрлi аттрактордың»
туындауын детерминделген бейберекетсiз режимiнен жүйенi қорғаудың кепiлдi негiзгi
факторы болып табылатындығы көрсетiлген. Робасты орнықтылықтың потенциалы
жоғарылатылған басқару жүйесiн зерттеу, Ляпуновтың вектор функциясының градиенттiжылдамдықты әдiсiмен жүзеге асырылады.
Заманауи шарттарында ғылыми зерттеудiң өзектi мәселесi болып, робасты орнықтылық
потенциалы жоғарылатылған басқару жүйелерiн талдау мен синтездеу әдiстерiн зерттеу мен
өңдеуде табылады.
Апаттар теориясынан алынған құрылымдық орнықты бейнелеу сыныбындағы сызықтық
динамикалық объектiлер үшiн басқару заңдылықтарын таңдауда, оған деген ұсынылып
отырған тәсiлдер мен басқару жүйесiн құру концепциясы, робасты орнықтылық потенциалы
шектеулi жоғарылатылған автоматтандырылған басқару жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.
Компьютерлiк эксперименттер нәтижесi, құрылымдық орнықты бейнелеу сыныбында басқару
заңдылықтарымен ұсынылған жүйелерi, сапасы жағынан аса жоғары көрсеткiштерге ие екенiн
көрсетедi (тербелмелiлiк, реттеу уақыты, статикалық және динамикалық дәлдiк және т.б.)